ИА қатысушыларына қойылатын талаптар
Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде өтініш берушіні мақұлдау және тіркеу рәсімдері
-
өтініш берушінің ИА басқарушы компаниясына оны осы ИА қатысушысы ретінде тіркеу туралы өтінім беруі;
-
басқарушы компанияның тиісті құжаттарды қарауы: ИА-ға орналастыру үшін жобаның басымдығы, инвестициялық жобаның қажеттіліктеріне сұратылған жер учаскесінің негізділігі, Қарағанды облысының аумағында ұқсас өнім өндірудің болмауы;
-
жоба бойынша ұсыным алу үшін мәселені Өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) қарауына шығару; ӨҮК оң ұсыным берген жағдайда, жобаны бекіту мәселесін"Сарыарқа" ӘКК " АҚ Директорлар кеңесінің қарауына шығару;
-
оң шешім қабылданған жағдайда Басқарушы компания өтініш берушіге өтінім беруші мен Басқарушы компания ИА аумағында инвестициялық жобаны іске асыру туралы шартқа қол қоюы тиіс мерзім көрсетілген оферта жібереді.
Индустриялық аймаққа қатысушыға қойылатын талаптар және ИА аумағында орналастыру үшін қатысушылардың инвестициялық жобаларын іріктеу талаптары.
-
жеке кәсіпкер, заңды тұлға;
-
жобаны іске асырудың бекітілген кестесінің орындалуы (өтініш беруші мен ИА басқарушы компания арасындағы жобаны іске асыру шартында көрсетіледі);
-
жобаны іске асыру мерзімдерін бұзу ИА басқарушы компанияға өтініш беруші шеккен шығындарды қайтармай шарттық міндеттемелерді тоқтату құқығын береді;
-
озық технологияларды пайдалану, жоғары қосылған құн, өнімге сұраныс, өнімді қайта бөлу деңгейі, экспортқа шығу мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасы үшін экономикалық, бюджеттік, әлеуметтік әсерлер;
-
инвестициялық жобаның негізгі құралдарына (CAPEX) өтініш берушінің меншікті және тартылған инвестицияларының көлемі оған бөлінген жер учаскесінің 1 гектарына кемінде 120 млн.теңге болуға тиіс.
ИА-ға қатысу шарттары
-
Мемлекет инфрақұрылымды (т/ж, автожол, газ құбыры, электр желісі, ауыз су, техникалық су, кәріз, ОВЛС) сыртқы шекараларға дейін және ИА орталық ось бойынша қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымға қосылу-тегін;
-
Тұтынылған қызметтер үшін төлем-есептеу аспаптары бойынша;
-
ИА басқарушы компаниямен жеке шарт бойынша инфрақұрылымға қызмет көрсетуге арналған шығындар;
-
Бастапқыда жер учаскесі ИА қатысушысына 20 жылға дейін жалға беріледі;
-
Инвестициялық жобаны іске асыру кестесін көрсете отырып, инвестициялық келісімшартқа қол қойылады.
-
Инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындағаннан кейін (объектіні пайдалануға беру және өнім шығаруды бастау), ИА қатысушысы жер учаскесін сатып алуға немесе ұзақ мерзімді жалға қалдыруға құқылы;
-
Жобаны іске асыру кестесі орындалмаған жағдайда жер учаскесі қайта алынады.
-
Қатысушы-инвестор үшін ақпарат ИА қатысушы ИА-өз (сатып алынған/жалға алынған) жер учаскесінде инфрақұрылым объектілерін өз қаражаты есебінен жасайды.
Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу қағидалары
Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу үшін өтініш беруші республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
5)өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есепті күнге арналған қаржылық есептіліктің көшірмесі;
6) уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
7) қызмет көрсетуші банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан кредиттік есеп;
8) тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кірістер органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамасы.