Жалпы ақпарат:
Жалпы ақпарат:
"SARAN" индустриялық аймағы 2021 жылы құрылған және Қарағанды облысының Саран қаласындағы бұрынғы РТИ зауытының аумағында орналасқан. Индустриялық аймақ аумағының жалпы ауданы-207 га құрайды, ол коммуникациялармен қамтамасыз етілген, ол инвесторларға өндірістік объектілерді орналастыру және пайдалану үшін беріледі. Индустриялық аймақтың қызметі мынадай бағыттарда жүзеге асырылады: химия өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, көлік логистикасы және т.б. индустриялық аймақтың басқару органы "Сарыарқа" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"АҚ болып табылады.
Байланыс тұлғасы:
-
Ахметбеков Жақсылық Құрметұлы
-
«SARAN» индустриялық аймақты басқару департаментінің директоры
- +7 (7212) 980 352
-
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Алалыкин к-сі, 12
- https://www.spk-saryarka.kz/
Карта
Құрылыс жұмыстары жүргізілуде
Бос учаске
Талшықты-оптикалық байланыс желісі
Теміржол
Автожолдар (жобаланатын)
Шаруашылық-ауыз су құбыры
Жоғары қысымды газ құбыры
Техникалық су құбыры
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БОЙЫНША АҚПАРАТ ("SARAN" ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРІ)

100 МВт


14 500 м3/сағ

375 м3/тәулігіне

500 м3/тәулігіне

байланыс желісі

375 м3/тәулігіне
ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ЖАЛПЫ АУДАНЫ - 207 ГА ҚҰРАЙДЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ:
- өндірістерді салу және орналастыру үшін алынған жер учаскелерінің ауданы – 123,6 га
- инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтылған жер учаскелерінің ауданы – 37,2 га
- өндірістерді салу және орналастыру үшін бос жер учаскелерінің ауданы – 46,7 га
Нормативтік құжаттар
Нормативтік құжаттарды жүктеу:
бәсекелестік артықшылықтар





Жобаларды іріктеу критерийлері
Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай негізгі критерийлер негізінде жүзеге асырылады:
-
қызмет көрсетуші банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесімен (картотеканың жоқтығы туралы) және кредиттік тарихта бар толық немесе ішінара ақпарат туралы мәліметтерді қамтитын кредиттік бюродан кредиттік есеппен расталған банктік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болуы немесе болмауы туралы тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кіріс органының мәліметтерімен расталған салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы
Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай қосымша критерийлер негізінде жүзеге асырылады:
-
жобаны іске асыру өңірлері болып табылмайтын өңірлерде ұқсас жобаларды ілгерілету;
жобаның импортты алмастыратын немесе экспортқа бағдарланған бағыты;
индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру.
Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу үшін өтініш беруші индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
-
уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
-
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер)қол қойған соңғы есепті күнге арналған қаржылық есептіліктің көшірмесі;
уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
қызмет көрсетуші банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан кредиттік есеп;
тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кірістер органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы.
- Өтінімнің үлгі нысаны
- Жоба паспорты