"Сарыарқа "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ақ қырыққабат сатып алуды жоспарлап отыр.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі №52/01 қаулысымен (Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 13/01 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларының 30-тармағына сәйкес өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде сақтау мүмкіндігімен форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы. Өндіруші өнімді тікелей өткізбесе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу азық-түлік өнімдерін өткізуге маманданған көтерме саудада жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде ақ қырыққабаттың сату бағасы бойынша ақпарат беруіңізді сұраймыз, сондай-ақ "CT-KZ"тауардың шығу тегі туралы сертификатын/сәйкестік сертификатын/сәйкестік туралы декларацияны, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына карантиндік сертификатты беруіңізді сұраймыз.